«Балалар мемлекеттің қорғауында»

«Балалар мемлекеттің қорғауында»

«Балалар мемлекеттің қорғауында»

 

2021 жылдың 18 қарашасында Отбасылық үлгідегі «Жанұя» балалар ауылының базасында Дүниежүзілік балаларды қорғау күнін мерекелеуге орайластырылған «Балалар мемлекет қорғауында» тақырыбында диалог алаңы өтті.

Қостанай облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкілі  Арайлым Жұмағалиқызы Аманқұлова,  білім басқармасының балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы Валерия Шатровская мүмкіндігі шектеулі балалардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы айтып берді.

Өз кезегінде, Отбасылық үлгідегі «Жанұя» балалар ауылының әкімшілігі білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша қызметі туралы хабардар етті, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері балаларды отбасына орналастырудың баламалы нысандарын дамыту туралы айтты.

Спорттық туризм бойынша қосымша білім беру пәнінің мұғалімі Олжас Қасымұлы Оразалин балалардың дене тәрбиесін қалыптастырудағы жұмыс тәжірибесімен және спорттық туризмдегі жетістіктерімен бөлісті.

Елена Шохман жастарға арналған «Елбасы медалін» дамыту жобасына қатысуы туралы айтты.

Жиын соңында іс-шараға қатысушылар өнер мектебі балаларының түрлі бейнелеу әдістерін көрсеткен жұмыстарының көрмесі, сондай-ақ дарынды балалардың би-ән нөмірлерін тамашалады.