2021 жылдың 10 қарашасында "Қостанай индустриалды –педагогикалық колледжі" КМҚК базасында директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары үшін "колледжішілік бақылау білім беру сапасын басқару құралы ретінде" тақырыбында диалогтық алаң өтті.
Іс –шараны Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру әдістемелік кабинеті, "Қостанай индустриялық-педагогикалық колледжі" КМҚК, сондай-ақ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының ОӘБ ұйымдастырды.
Аталған семинарға 34 колледждің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Теориялық бөлім барысында "Қостанай индустриалды педагогикалық колледжі" КМҚК директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Малых Е.А. колледжішілік бақылауды жоспарлаудың теориялық негіздерімен сөз сөйледі. Ал "Қостанай педагогикалық колледжі" КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ахат К. З. «Педагогтың сабағына қатысу және талдау колледжішілік бақылау құралы және білім беру процесін жетілдіру тәсілі» мәселесі бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
Колледжішілік бақылауды жоспарлау бойынша практикалық тапсырмаларды орындау кезінде оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары шағын топтарда жұмыс істеді және өз жобаларын таныстырды.
Соңында қорытынды жасалды, қатысушылар диалог алаңын өткізу процесінде практикалық маңыздылығын, қызықты және шығармашылық атмосферасын атап өтті.