Қостанай облысының білім беру объектілерінің басшыларына арналған семинар

Қостанай облысының білім беру объектілерінің басшыларына арналған семинар

Қостанай облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкерлері «Zoom» бейнеконференциясы арқылы Қостанай облысының білім беру объектілерінің басшыларына арналған семинар өткізген болатын.

Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың талаптары, террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру, оның ішінде күзетуді қамтамасыз ету және қазіргі заманғы инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыру қажеттілігі туралы түсіндірілді.

Сонымен қатар, бейнематериалдарды көрсете отырып, «Ттерроризм актісі қатері кезінде халықтың іс-қимылы бойынша жадынама» жеткізілді.