Тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік - әрбір қазақстандықтың мақтанышы" "Елбасы Академиясы" мен "ҚРБжҒМ РҚББОӘО" ұйымдастырған ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі

Тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік - әрбір қазақстандықтың мақтанышы" "Елбасы Академиясы" мен "ҚРБжҒМ РҚББОӘО" ұйымдастырған ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі

2021 жылғы 14 қазанда Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы Тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік - әрбір қазақстандықтың мақтанышы" тақырыбы бойынша Елбасы Академиясы мен ҚРБжҒМ РҚББОӘО ұйымдастыратын ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңін ұйымдастырды және өткізді.

Турнирдің мақсаты-өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру; оқушылардың бойында жауапкершілік сезімін, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылығын тәрбиелеу; облыста мектеп дебаттық қозғалысын дамыту, танымал ету және қолдау.

Турнирге Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарынан екі тілдік лигада 39 команда қатысты: мемлекеттік тілде – 20, орыс тілінде – 19.

Турнирдің төрешілер алқасының жұмыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

қазақ тіл лигасы:

1 орын – «Ыбырай Алтынсарин – 1», Ы. Алтынсарин атындағы ДБМ;

2 орын –« Тобыл ойшылдары», Білім-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты;

3 орын – «ЖСҮБ», «Озат»МАТМЛИ;

«Үздік спикер» номинациясы - Айжан Мырзаболатова, «Алаш Арқа»

Ы. Алтынсарин атындағы гимназия. Арқалық қаласы;

орыс тілдік лигасы:

1 орын - Рудный қаласының № 5 гимназиясының «Макдак таяғы» командасы;

2 орын – «Спартак командасы, Жітіқара ауданының №12 жалпы білім беретін мектебі;

3 место – «Jasa» командасы, Меңдіғара ауданының Ахметқазы Чутаев атындағы Боровской мектеп – гимназиясы;

"Үздік спикер" номинациясы - Михаил Безносенко, Қарабалық ауданының Новостройка жалпы білім беретін мектебі.

Облыстық пікірсайыс турнирінің барлық жеңімпаздары мен номинанттары грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз! Оларға алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!