2021 жылдың 4 қазанында қашықтықтан театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауы өтті. Фестивальге байқаудың облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.
Біздің облысты Рудный қаласының «Шабыт» шығармашылық ұжымы «Махаббат мұңарасы» драмалық спектаклімен таныстырды.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» КММ 9 оқушысы Анарбеков Жолдасбек, Мамат Ербол, Ермеков Мейіржан, тұрды Әсет, Сәбитбекова Айкүміс, Тұрғанбек Айша, Тоққожаев Жамбыл, Дүзелбай Мирас, Бекдуллаев Олжас - театр үйірмесінің мүшелері 1-орынды иеленді!!!
Спектакльді театр ұжымының жетекшісі – Ілияс Омаров атындағы Қостанай Қазақ драма театрының еңбек сіңірген актері Мырзахан Әлімхан Мырзаханұлы қойды.
Республикалық байқаудың қазылар алқасының мүшелері театрдың жас актерлерінің жоғары дайындық деңгейін, басшының кәсібилігін, балалардың әртістік және сахналық шеберлігін атап өтті.
Шығармашылық ұжымды лайықты жеңісімен құттықтаймыз!!