«Бояулар құпиясы» Республикалық жас суретшілер байқауы

«Бояулар құпиясы» Республикалық жас суретшілер байқауы

«Бояулар құпиясы» Республикалық жас суретшілер байқауы

 

          Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы көркем шығармашылық саласындағы дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау мақсатында 2020 жылғы 20-21 қыркүйекте онлайн форматта «Бояулар құпиясы»  жас суретшілер байқауын өткізді.

          Байқау екі бағыт бойынша өтті:

«Жас суретшілер көрмесі» және «Жас суретшілер байқауы».

         Байқауға облыстық кезеңдердің жеңімпаз командалары-Қазақстан Республикасының балалар көркемөнер мектептері мен өнер мектептерінің оқушылары қатысты.

         Қостанай облысын 8 қатысушыдан тұратын республикалық байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаз командасы таныстырды.

         Байқау қорытындысы бойынша «Жас суретшілер байқауы» бағытында жүлделі орындарға ие болды:

         «Коллаж»  номинациясы бойынша:

          1 орын - Жумабекова Мадина, Рудный қаласының балалар көркемсурет мектебі.

         «Жас суретшілер көрмесі» бағытында жүлделі орындарға ие болды:

         «Авангардтық және эксперименттік кескіндеме» номинациясында

          2 орын - Шинкаренко Юлия, Қостанай қаласы А. И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің оқушысы;

         3 орын - Джафарова Бадам, Жітіқара ауданының балалар өнер мектебі;

         «Классикалық кескіндеме» номинациясы бойынша:

         3 орын – Шустикова Ксения, Қостанай қаласының А. И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебі;

         Фестиваль жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз!