2021 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ ұйымдастырған «Жасампаздық пен даму жылдары» тақырыбында ашық сабақ өтті. .

НЗМ желісінде республиканың 50 мың оқушысы тәуелсіздік сабағына қосылды

2021 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ ұйымдастырған «Жасампаздық пен даму жылдары» тақырыбында ашық сабақ өтті. .
Шараға мектепте қазақ және орыс тілдерінде оқитын 11 сынып оқушылары қатысты. Онлайн форматтағы ашық сабаққа облыстың 82 жалпы білім беретін мектебінің 2,5 мыңға жуық оқушысы қатыса алды.
Сабақтың тақырыбы 30 жыл бойы ел үшін тәуелсіздіктің маңызы туралы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлі туралы және жаһандық бейбітшілік бастамаларының бірі туралы сұрақтарды анықтауға бағытталған және де әлемдік бастамалардың бірі Семей ядролық полигонының жабылуы жайлы тақырып қозғалды. Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Дамир Исиргепов бастаған ашық сабақта Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен халықаралық аренадағы маңызды шешімдері талқыланды.
Мектептің мұғалім-ұйымдастырушы-кураторы, тәуелсіздіктің құрдастарының бірі Изат Жарбулов ашық сабақта өзінің өмір жолы, мұғалімдік мамандыққа қалай келгені туралы айтты, сонымен қатар табысқа жету формуласымен бөлісті.
- Мен тәуелсіздіктің құрдасы ретінде осы сабақтың қатысушысы болғаныма өте қуаныштымын. Оқушылардың менің балалық шағым, кәсіби мансабым, жетістіктер мен жобалар туралы қызығушылық тудыратын сұрақтары болды, солармен бөліскім келді, -деп мұғалім жауап берді.
Сабақтың тағы бір ерекшелігі Қостанай облысы әкімінің орынбасары Есімова Бақыт Амангелдіқызының бақылаушы ретінде қатысушы болды. Әңгіме барысында Бақыт Есімова оқушыларға Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы, мемлекеттің құрылуы мен дамуындағы Елбасының рөлі туралы айтып берді және соңында оқушыларға оқуда сәттілік тілеп, өз қатарластарына үлгі болуын тіледі.
Өз кезегінде Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары алған әсерлері туралы айтып, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуына таңданыстарын білдіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
- Қазақстанның жетістіктерге жетуіндегі күшті жақтарын, мүмкіндіктерін, кездескен қиындықтарын талдадық. Болашақта еліміздің ғылымда, физика, IT салаларда жетістіктерге жетуді қалаймын. Осы бағыттарда дамыту біз үшін, жас ұрпақ үшін тапсырма, - дейді 11-сынып оқушысы Бекентаева Фарида.