«Бояулар құпиясы» облыстық сырттай жас суретшілердің байқауы

«Бояулар құпиясы» облыстық сырттай жас суретшілердің байқауы

 

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ

                                              Сайтқа ақпарат

«Бояулар құпиясы» облыстық сырттай жас суретшілердің байқауы

 

Көркемдік шығармашылық саласындағы дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау мақсатында 2021 жылғы 8 қыркүйекте Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ балалар көркемөнер мектептері мен өнер мектептерінің оқушылары арасында  «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық конкурсының облыстық сырттай кезеңін өткізді.

Байқауға  Әулиекөл, Жангелді, Қарабалық, Қарасу, Бейімбет Майлин ауданы, Жетіқара,  Сарыкөл, Федоров, Меңдіқара,  аудандары және  Лисаковск, Рудный, Қостанай қалаларынан   жұмыстары ұсынылды.

Әділ қазылар құрамына кірді:

Дина Жетписбаевна Жусупова- Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің өнер кафедрасының оқытушысы,

Сая Нурлубаевна Калинова - Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи - өлкетану мұражайы» КММ бейнелеу өнері бөлімінің меңгерушісі кірді,

Быков Вадим Вячеславович - Суретшілер Одағының мүшесі,  ҚР Суретшілер одағының Қостанай облыстық қоғамдық бірлестігінің Басқарма Төрағасы, Қостанай облысы меценаттар клубы сыйлығының лауреаты, «Құрмет» құрмет белгісінің, Астана қаласы Суретшілер Одағының иегері, орындар келесідей бөлінді:

Байқауға 2 бағытта 32 жұмыс ұсынылды:

1) «Тәуелсіз Қазақстан – балалар көзімен»  атты жас суретшілер көрмесі номинациялар:

- «Классикалық кескіндеме»;

- «Авангард және эксперименталды кескіндеме»;

- «Менің Отаным – Қазақстан»  (еркін тақырып).

2) Жас суретшілер байқауының номинациясы:

- «Коллаж»;

- «Бояулар құпиясы»;

- «Сүйікті кітаптың иллюстрациясы».

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы келесі шешім шығарды:

«Менің отаным-Қазақстан» номинациясы бойынша:

1 орын – Скаскевич Ксения, «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің               А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебі»;

2 орын – Батурин Даниил, Лисаков қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің «Балалар көркемсурет мектебі»;

          3 орын – Токмухамбетова Томирис, «Жітіқара ауданының білім беру бөлімінің балалар өнер мектебі».

 

 

«Авангард және эксперименталды кескіндеме» номинациясы бойынша:

          1 орын – Шинкаренко Юлия, «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің               А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебі»;

          2 орын – Джафарова  Бадам,  «Жітіқара ауданының білім беру бөлімінің балалар өнер мектебі».

3 орын – Островская Злата,  «Сарыкөл ауданының білім беру бөлімінің балалар өнер мектебі».

«Классикалық кескіндеме» номинациясы бойынша:

          1 орын – Шустикова Ксения, «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің               А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебі»;

          2 орын – Масалимова Аружан, «Жітіқара ауданының білім беру бөлімінің балалар өнер мектебі»;

3 орын – Кубекова Карина, Лисаков қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің «Балалар көркемсурет мектебі»;

  «Коллаж» номинациясы бойынша:

          1 орын – Жумабекова Мадина, «Рудный қаласы білім бөлімінің балалар көркемсурет мектебі»;

          2 орын – Макарова Алиса,  «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің               А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебі»;

          3 орын – Ертайқызы Құндызай,  «Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Болат Хамзин атындағы өнер мектебі».

 «Бояулар құпиясы» номинациясы бойынша:

          1 орын  – Сорокопудова Дарья, «Рудный қаласы білім бөлімінің балалар көркемсурет мектебі»;

          2 орын – Асанова Анель,  «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің               А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебі»;

          3 орын – Орманбек Диана, «Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Болат Хамзин атындағы өнер мектебі».

  «Сүйікті кітап иллюстрациясы» номинациясы бойынша:

          1 орын  – Лукьяненко Виктория, «Рудный қаласы білім бөлімінің балалар көркемсурет мектебі»;

          2 орын – Жакупова Малика,  «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің               А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебі»;

          3 орын -  Шалдыбай Ерасыл, «Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Болат Хамзин атындағы өнер мектебі».

          Байқаудың әр номинациясында жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Байқаудың барлық қатысушылары белсенді қатысқаны үшін сертификат алды.

          Жас суретшілерді жеңістерімен құттықтаймыз, оларға қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауды тілейміз!