2021 жылдың 07 қыркүйегінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдер туризмінің өңірлік орталығы» КММ ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесінің орталығы» РМҚК бірлесіп «Оқытудың күндізгі форматына ауысу кезінде дене шынықтыру сабақтарына оқушылардың бейімделуі» тақырыбында республикалық – онлайн семинар өткізілді.
Республикалық онлайн-семинарға 144 дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, білім бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері қатысты.
Семинарда дене шынықтыру сабақтарында дене жүктемелеріне бейімделу кезеңін ұйымдастыруға қатысты мәселелер және оқушылардың бейімделу қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған дене шынықтыру мұғалімдерінің қызмет түрлері талқыланды. Сондай-ақ, дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтарда оқушылардың дене жүктемесін кезең-кезеңмен мөлшерлеу бойынша (дене шынықтыру минуттары, сабақтарда зейінді дұрыс шоғырландыру үшін дене шынықтыру кідірістері), үзілістерде (топтағы қозғалмалы ойындар, спорттық ойын-сауық және т.б. стресс пен күйзелісті басу үшін) ұсыныстар берілді.
«Сұрақ – жауап» форматында семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған өзекті сұрақтарға жауап алды.