Макала

Макала

2021 жылғы 13 тамызда білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында «Тәрбие және қосымша білім беру мазмұнының басым бағыттары. 2021-2022 оқу жылына арналған тапсырмалар» тақырыбында тәрбие жұмысы бойынша секция отырысы өткізілді.

Секцияда мектептерде тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзекті мәселелері қаралды: педагогтер мен ата-аналардың өзара іс-қимылын жақсартуға бағытталған «Бір-бірімізді қолдайық» облыстық жобасын енгізу, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда ҮЕҰ ресурстарын пайдалану, мектептегі өзін-өзі басқару органдарын дамыту, деструктивті діни ағымдарды жақтаушылардың балаларын әлеуметтендіру бойынша жұмысты ұйымдастыру, деструктивті бағыттағы әлеуметтік желілерді мониторингтеу және т.б.

Талқылау және қорытынды шығару барысында білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорларының орынбасарлары және сынып жетекшілері үшін жаңа 2021-2022 оқу жылына арналған міндеттер айқындалды.