Мектеп формасына қатысты

Мектеп формасына қатысты

Мектеп формасына қатысты

 

Мемлекет басшысының жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттердің дәстүрлі форматқа оралуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жаңа 2021-2022 оқу жылын дәстүрлі форматта бастау жоспарланып отыр.

Жаңа оқу жылында білім берудің зайырлы сипатын іске асыру және жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар арасындағы әлеуметтік, мүліктік және басқа айырмашылықтардың белгілерін жою мақсатында орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын Талаптарды орындау бойынша жұмыс жалғасады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы). Дәстүрлі оқыту форматында мектеп формасын кию міндетті болып табылады.

Сонымен бірге білім беру ұйымдарының жұмысына дәстүрлі форматта оралу елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды талдау негізінде Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, республиканың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешімімен жүзеге асырылады.