Сыбайлас жемқорлықты алдын алу басты назарда

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу басты назарда

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу басты назарда

 

16 маусымда қаржылық және сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын алдын алу мәселелері бойынша қалалар мен аудандар білім бөлімдерінің басшыларымен кеңес барысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Кеңеске прокуратура органдарының, тексеру комиссиясының, төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қатысты.

Облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Дмитрий Анатольевич Костюков өз сөзінде тексеру нәтижелері бойынша жиі кездесетін бұзушылықтарды атап өтті.

Қостанай облысы Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры Тимур Бақытбекұлы Ерекешев бюджет қаражатын пайдаланудың, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды өткізудің тиімділігі мәселесі бойынша сөз сөйледі.

          Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Асланбек Бауыржанұлы Теміров білім беру үдерісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды проблемалар туралы айтты.

Қалалар мен аудандар білім  бөлімдерінің басшылары мемлекеттік орган өкілдеріне өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қажетті түсініктемелер ала алды.

Қаралған мәселелер облыстың білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған. Біздің ортақ міндетіміз – белсенді азаматтық ұстанымды таныту, парасаттылық, адалдық және сатылмаушылық қағидаттарын қалыптастыру. Бұл ретте білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жою үшін бүкіл педагогикалық қоғамдастықты нығайту біздің басымдығымыз болуға тиіс.