«Бұл әлем қандай керемет, қарашы!» бірыңғай облыстық сынып сағатын өткізу туралы ақпарат

«Бұл әлем қандай керемет, қарашы!»  бірыңғай облыстық сынып сағатын өткізу туралы ақпарат

2021 жылдың 16 наурызында Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік  орталығы   Қостанай облысы мектептерінің 5-11 сынып оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1-2 курс оқушылары үшін «Бұл әлем қандай ғажап, қарашы!» бірыңғай облыстық сынып сағатын ұйымдастырды.

Сынып сағатының мақсаты: өмірге төзімділікті, стресске төзімділікті, позитивті өзін-өзі тануды және проблемалық өмірлік жағдайларда сындарлы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Сынып сағаты аясында теориялық және практикалық тапсырмаларды орындауға 2 блок қарастырылды.

Сынып сағаты орталық мамандарының қатысуымен аралас форматта (онлайн және офлайн) өтті. Жасөспірімдер үшін тақырыптың өзектілігін ескере отырып, сынып сағатының әдістемелік сүйемелдеуі әзірленді: өмірге төзімділік, күйзеліске төзімділік дағдыларын дамыту, проблемалық жағдайларды шеше білу бойынша әдістемелік ұсынымдар, бейнероликтер, буклеттер, жадынамалар.

Сынып сағаты барысында әлемді позитивті қабылдаудың, өмірлік құндылықтарды  қалыптастырудың  маңыздылығы туралы мәселе қаралды. Өзін-өзі бағалау және сүю, табысқа ұмтылу, өзін-өзі тану және басқаларға жағымды үлгі көрсету қаншалықты  маңызды екендігі туралы әңгіме жүргізілді. Отбасылық құндылықтар, мейірімділік пен достық, жасөспірімдердің армандары мен уәждемелері туралы және проблемалық жағдайларды қалай шешуге болатыны туралы бейнероликтерді қарау және талқылау ұйымдастырылды.

Практикалық бөлімде сынып сағатының қатысушыларымен өзін-өзі бағалауды арттыру, коммуникацияны дамыту, өзіне және әлемге оң көзқарас бойынша түрлі тренингтік жаттығулар өткізілді.

Іс-шара соңында жасөспірімдерге өміршеңдік қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілді.   Сондай-ақ, өзін-өзі бағалау,  стресске төзімділік және өзіне деген сенімділікті дамыту бойынша жадынамалар, буклеттер таратылды.

Қостанай облысы бойынша мектеп оқушылары мен ТжКБ ұйымдарының білім алушыларының жалпы қамтылуы 73 000 адамды құрады.