Х қысқы Қазақстан оқушылар Гимназиадасы

Х қысқы Қазақстан оқушылар Гимназиадасы

Х қысқы Қазақстан оқушылар Гимназиадасы:

конькимен жүгіру спортының жеңімпаздары

Х қысқы Қазақстан оқушылар Гимназиадасы аясында  конькимен жүгіру спорты   22-25 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы, «Алау» мұз айдынында өтіп, бүгін сайыс жеңімпаздары анықталды.

Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған Гимназиада жарыстары 22 ақпан мен 13 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан және Петропавл қаласында спорттың 8 түрі бойынша өтеді.

Конькимен жүгіру спорты бойынша жарысжеңімпаздарын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, XVIII қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері,   Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Прокашева Людмила Вячеславовна, Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев және  Конькимен жүгіру ұлттық федерациясының бас хатшысы Анжелина Анатольевна Макишева марапаттады.

Конькимен жүгіру спорты бойынша 8 командадан 93 оқушы бақ сынауда, олар Алматы және Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының жас спортшылары өзара сайысқа түсіп жатыр.Сайыстың бас төреші – А.С. Гаврилов; Бас хатшы –  К.В. Ищенко.

КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ ҰЛДАР АРАСЫНДА:

1-орын жеңімпаздары - Алматы қаласы;

2-орын - Қостанай облысы;

3-орын - Солтүстік Қазақстан облысы;

КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ ҚЫЗДАР АРАСЫНДА:

1-орын жеңімпаздары - Солтүстік Қазақстан облысы;

2-орын - Қостанай облысы;

3-орын - Алматы қаласы;

Шын жүректен жеңістеріңізбен құттықтап, жоғары нәтижелі жеңістер тілейміз!!!