«Ақпараттық технологиялар - болашаққа терезе» математика және ақпараттық технологиялар кафедрасының апталығы

«Ақпараттық технологиялар - болашаққа терезе» математика және ақпараттық технологиялар кафедрасының апталығы

2021 жылдың 15 - нен 19 ақпан аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай педагогикалық колледжі» КМҚК – да «Ақпараттық технологиялар - болашаққа терезе» ұранымен математика және ақпараттық технологиялар кафедрасының апталығы өтті.

Апталықты өткізудің мақсаты: білім алушылардың жеке қасиеттерін дамыту, аптаның міндеттері ойлау қызметін жандандыру, пәндерге шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарын қолдау және дамыту, білім алушылардың ой-өрісін кеңейту болды.

Кафедра апталығының іс-шаралары балабақша тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, колледждің студенттер және педагогтар аудиторияларын барынша қамтуға бағытталған, сондықтан ZOOM платформасында қашықтықтан өткізілді.

Аптаның салтанатты ашылуы, «физика сабақтарындағы Vernier цифрлық интерактивті зертханасы» мастер-классы, бейнесабақтар мен кураторлық сағаттар колледждің You Tube каналында және Facebook-те көрсетілді.