СЕМИНАР-ӘДІСТЕМЕЛІК ШЕБЕРХАНА «Жаңа жағдайда колледж педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру»

СЕМИНАР-ӘДІСТЕМЕЛІК ШЕБЕРХАНА  «Жаңа жағдайда колледж педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру»

23 ақпан күні ТжКББ ұйымдары директорларының ҒӘЖ жөніндегі орынбасарлары мен ТжКББ ұйымдары әдіскерлерінің облыстық оқу-әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында онлайн форматта «Жаңа жағдайда колледж педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» семинар – әдістемелік шеберханасы өтті, оған 40 адам қатысты.

Шеберхана жұмысы теориялық құрамдас бөлікке емес, «ПАДадагогикалық доңғалақ» коучингі, модераторлардың басшылығымен сессия залдарындағы шығармашылық топтардың жұмысы, ақпараттық педагогикалық жүріс, «Педагогикалық ателье», «Ашық қарау» және «Online Test Pad» форматындағы рефлексия сияқты техникалар бойынша жұмыстың практикалық дағдыларын пысықтауға бағдарланып құрылған.

Әдістемелік шеберхананың қатысушыларына белсенді жұмысы үшін алғыс айтамыз және ұсынылған техникалар педагогтармен және білім алушылармен жұмыста қолданылады деп үміттенеміз.