«Mug`alim-Master.kz» мектебінің кезекті отырысы

«Mug`alim-Master.kz» мектебінің кезекті отырысы

18 ақпанда өткен «Mug`alim-Master.kz» Мектебінің отырысында педагогтердің  авторлық өнімдерін құрастыруға қойылатын талаптар жайлы сөз қозғалды. Мектептің жұмысына қатысқан А.Байтұрсынов атындағы Қостанай аймақтық университетінің Ө.Султанғазин атындағы педагогикалық институтының директоры, педагогикалық ғылымдар кандидаты, профессор Өтегенова Бибігүл Мазановна  қатысушыларға педагогтердің авторлық бағдарламалары мен олардың әдістемелік сүйемелдемелерінің  мазмұндық, құрылымдық ерекшеліктері мен рәсімделуіне облыстық эксперттік Кеңесі тарапынан қойылатын талаптар жайында толық мағлұмат берді.

Оқу- әдістемелік кешендер мен авторлық өнімдерді Республикалық оқу-әдістемелік Кеңестің мақұлдауынан өткізу жолдарын білім басқармасының әдістемелік кабинетінің басшысы Т.И.Набатникова  екжей-текжейлі әңгімелеп берді. Мектептің отырысына қатысқан 223 педагог әңгіме тақырыбына байланысты сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.