Білім басқармасының алқа отырысы

Білім басқармасының алқа отырысы

11 ақпанда БКБ режимінде биылғы жылы білім басқармасының бірінші алқа отырысы өтті. Мемлекеттік тілде оқытатын мектептер желісін және инклюзивті білім беруді дамытудың стратегиялық мәселелері қаралды.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін білу біртұтас ұлтты қалыптастыру жолындағы маңызды қадам екенін бірнеше рет атап өтіп, тіл үйренуге ұмтылған барлық отандастарды қолдауға шақырған болатын. Мемлекеттік тілде білім беретін мектептер желісін кеңейту осы міндетті шешудегі үлкен қадам болмақ. Ол үшін сабақтастықты сақтай отырып, қолданыстағы балабақшалар мен мектептерді ашу және кеңейту, мектеп педагогтерінің біліктілігін арттыру маңызды. Түсіндіру жұмысында қоғамдық көшбасшылардың, ата-аналар мен педагогикалық қоғамдастық өкілдерінің рөлі маңызды.

 Қазіргі әлемде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар саны өсуде. Біздің міндетіміз-олар үшін білім беруді барынша қолжетімді ету.  Біз жеке тәсілдерді сақтай отырып, күнделікті мектепте инклюзивті білім алу мүмкіндігін де, түзеу көмегін алу мүмкіндігін де қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл үшін жыл сайын инклюзия және түзеу кабинеттері ашылуда.

Сонымен қатар, алқа отырысында мектепке дейінгі ұйымдарда сапалы жағдайды қамтамасыз ету, «естуші мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде азаматтардың өтініштеріне жедел және сапалы ден қою, ҰБДҚ толтыру дәлдігі және мемлекеттік сатып алу рәсімін сақтау мәселелері қаралды.