10 ақпаннан бастап Қостанай облысы бойынша бас санитарлық дәрігердің 9.02.21 № 6 қаулысына сәйкес штаттық оқуға қайтып барады:
• контингенті 300 оқушыға дейінгі мектептер;
• әр сыныпта оқушылар саны 15-тен аспайтын 5-сыныптағы кезекші топтар;
• 9 және 11-сынып оқушылары аралас форматта: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%- ы аралас форматта;
• колледждер мен жоғары оқу орындарының 1-курс оқушылары.
1-4 сыныптардың кезекші топтары жұмысын штаттық режимде жалғастыруда.
Білім басқармасының баспасөз қызметі