Назар аударыңыз! Назар аударыңыз! «Армандастар» балалар шығармашылығы байқауы

Назар аударыңыз! Назар аударыңыз! «Армандастар» балалар шығармашылығы байқауы

2021 жылғы 25 қаңтар мен 25 ақпан аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік Орталығы көркемөнер театр және хореографиялық ұжымдары арасында «Армандастар» республикалық балалар шығармашылығы фестиваль-байқауының облыстық сырттай кезеңін өткізеді.

Байқаудың мақсаты: балалардың көркемөнерпаздар шығармашылығын дамыту және оның өскелең ұрпақты көркемдік білімде, эстетикалық, адамгершілік тәрбиелеудегі рөлін күшейту.

Фестиваль-байқауға қатысуға аудандық/қалалық турдың жеңімпаз балаларының жалпы, орта және қосымша білім беретін хореографиялық және театр ұжымдары жіберіледі.

Өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау 2021 жылғы 22 ақпанға дейін.

БАЙҚАУДЫ САЙТТА ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ rcppido.kz.