Бес оқу жылы бойы облыс оқытушылары «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді.
240 мыңға жуық қолданушы, оның ішінде ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар электронды журналды толтыру немесе қарау, сабаққа материалдарды тіркеу, сабақтың қалыптастырушы бағасын немесе жиынтық жұмыс үшін ұпайларды көру үшін порталға күн сайын кіреді.
«Күнделік» ақпараттық жүйесі қашықтықтан оқыту форматының пайда болуына байланысты жаңа мүмкіндіктерді аша отырып, байланыс арналарын кеңейтумен, туындаған проблемаларды жоя отырып және сұрақтарға жауап бере отырып, білім беру саласындағы өзгерістерге жедел ден қоятынын атап өтпеуге болмайды.
2020-2021 оқу жылының 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша педагогтердің үйлесімді және уақтылы жұмысының арқасында Қостанай облысы «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін толтыру бойынша Республикалық маңызы бар Шымкент қаласымен бөлісе отырып 1-орынды иеленді.
2021 жылдың 14 қаңтарында «Күнделік» ЖШС компаниясының өкілі Марат Ищанов білім басқармасының басшысы Зәуре Әнуарбекқызы Байменоваға «Kundelik.kz Алтын түймесін» табыстады.
Бұл жетістікте әр мұғалімнің үлесі бар.