Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған логотип

Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған логотип

Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойын дайындау және мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2-тармағына сәйкес үздік логотип бекітілді.

Қазіргі уақытта 2021 жылға жоспарланған іс-шараларға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Аталған жоспарға келесі іс-шаралар кірді: оқушылардың облыстық спартакиадасы, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «Ыбырай Алтынсаринге хат» эссе-конкурсы, «Үздік мектеп мұражайы» облыстық конкурсы, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегерлерінің педагогтар форумы, көрмелер, дәрістер, дөңгелек үстелдер, тарих сағаттары.