
«Тәлімгерлік институты» -
дұрыс таңдау жасауға көмектесетін тәжірибе
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қостанай облысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған «Тәлімгерлік институты» пилоттық жобасы іске қосылды.
Жобаға облыстың 20 білім беру ұйымы - 10 мектеп пен 10 колледж қатысуда.
Сонымен қатар, 9 колледж бен 4 мектеп бұған дейін Алматы облысы Талғар ауданының тәжірибесі негізінде іске асырылған «Заң мен тәртіп» жобасына қатысқан.
Бұл тәжірибе жұмысты жаңа форматта «Тәлімгерлік институты» жобасы аясында жалғастыруға жақсы негіз болды.
Жобаның басты ерекшелігі - тікелей және ашық қарым-қатынас.
Әр білім беру ұйымына тәлімгерлер - ішкі істер органдарының ардагерлері бекітілген. Олар мол кәсіби және өмірлік тәжірибесі бар мамандар. Тәлімгерлер жасөспірімдерге заң талаптарын түсіндіріп қана қоймай, өздерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, нақты оқиғалар мен тағылымды мысалдар арқылы маңызды мәселелерді талқылайды.
Мұндай кездесулер - жай ғана дәріс емес. Бұл - сұрақ қоюға, күрделі жағдайларды талқылауға және бірге дұрыс шешім іздеуге мүмкіндік беретін ашық диалог.
Алғашқы кездесулер Қостанай қаласындағы №8 жалпы білім беретін мектепте және Қостанай құрылыс колледжінде өтті. Оқушылар құқықтық сауаттылық, өз әрекеттері үшін жауапкершілік, заң бұзушылықтың салдары және ең бастысы - дұрыс таңдау жасауға қалай уақытында шешім қабылдау керектігі туралы әңгімелесті.
#ЗаңменТәртіп