Полицияның жас көмекшілері мектеп жасақтарының облыстық сырттай конкурсының қорытындысы бойынша ақпарат

Полицияның жас көмекшілері мектеп жасақтарының  облыстық сырттай конкурсының қорытындысы бойынша  ақпарат

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты жетілдіру және жандандыру, оқушылардың құқықтық білім сапасын арттыру, полицияның жас көмекшілері жасақтарының құқықтық мәдениетті насихаттау жөніндегі озық тәжірибесін жинақтау мақсатында 2020 жылғы 12 қазан мен 25 қараша аралығында  Қостанай облысы  әкімдігі  білім    Басқармасының «Психологиялық    қолдау және қосымша білім  беру өңірлік орталығы» «Полицияның жас көмекшілерінің үздік үгіт бригадасы»  және «Үздік презентация» - «Біздің заманымыздың батыры»  бейнеролигі  номинациялары бойынша полицияның жас көмекшілері мектеп жас жасақтарының облыстық сырттай байқауын өткізді.

Байқауға Қостанай облысы білім беру ұйымдарының 15 өңірінен 13-17 жас аралығындағы 28 жасақ қатысты.

Келесі номинациялар бойынша жұмыстар ұсынылды:

«Полицияның жас көмекшілерінің үздік үгіт бригадасы» номинациясында:

1 орын - «Патруль» жасағы,   «Рудный қаласы әкімдігінің «№ 18 орта мектебі» КММ;

2 орын – «Бүркіт» жасағы,   «Қостанай қаласы  әкімдігі білім беру бөлімінің №11 орта мектебі» ММ;

3 орын – «Сирена» жасағы,   Федоров ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің          «Қоржынкөл  орта мектебі» КММ;

 «Біздің заманымыздың батыры» «Үздік бейнеролик» номинациясында:

1 орын - «Құқықтық патруль» жасағы,    «Жітіқара ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің «№12 Орта мектебі» ММ;

2 орын – «Жас мерген» жасағы,   Бейімбет Майлин ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Сапар Ерғалиев атындағы орта мектебі»КММ;

3 орын – «Жастар» жасағы,  Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің «Октябрь орта мектебі» ММ;

Әр номинация бойынша жүлделі орындарға ие болған жасақтар Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Байқау жеңімпаздарын дайындаған педагогтар Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының грамоталарымен марапатталды.

Полицияның жас көмекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз, қол жеткізген жетістіктерге тоқтамай, алға ұмтылуына тілектеспіз!