«Айбын» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны

«Айбын» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны

Ұлт Жоспарына, «Мәңгілік ел» патриоттық актісіне сәйкес  және елімізде Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасымен, 2020 жылдың       28 қыркүйегінен 30 қарашасына дейін жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін одан әрі жетілдіру мақсатында онлайн форматта Қазақстан Республикасының қорғаныс Министрлігі Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігімен бірлесіп «Айбын-2020» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиынын өткізді.

Жиынға білім беру ұйымдарының әскери-патриоттық клубтарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері, «Жас Ұлан»  республикалық мектептерінің, «Арыстан» мамандандырылған лицейінің және облыстық әскери мектеп-интернаттарының 14-18 жас аралығындағы білім алушылары қатысты.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы»  КММ жиынға қатысу үшін Қостанай құрылыс колледжінің «Тайфун» әскери - патриоттық клубы-«Жас әскер» облыстық іріктеу әскери - патриоттық слетінің жеңімпаз командасын ұсынды. «Тайфун» клубының тәрбиеленушілері-әскери-патриоттық бағыттағы түрлі халықаралық, республикалық, облыстық іс-шаралардың қатысушылары мен жеңімпаздары.

Жиын барысында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар, шығармашылық және зияткерлік байқаулар өткізілді. 

2020 жылдың 26 қарашасында салтанатты атмосферада, онлайн форматта «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының жабылуы өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша «Тайфун» командасы «Саламатты Жас Сарбаз» алғашқы медициналық көмек көрсету конкурсында 2 орынды жеңіп алды.

Біз балаларды  құттықтаймыз, оларға әрқашан өз Отанына пайда әкелуге дайын болуды тілейміз!