«Жастар - әділетті қоғамның негізі»

«Жастар - әділетті қоғамның негізі»

 

«Жастар - әділетті қоғамның негізі»

 

Бүгін, 3 қыркүйекте, жаңа оқу жылының басталуына орай облыстың 18 мектебі мен 4 колледжінде прокуратура органдарының қызметкерлері білім алушыларға «Жастар - әділетті қоғамның негізі» тақырыбында құқықтық сабақ өткізді.

Құқықтық сабақ барысында білім алушылармен құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, сондай-ақ заңға бағынушылық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Мұндай кездесулер жас ұрпақтың өз құқықтары мен міндеттерін жақсы түсінуіне, өз әрекеттерінің салдарын бағалай білуіне және жауапты шешім қабылдауына ықпал етеді.

Заңға бағынатын жастар - қауіпсіз әрі әділетті қоғамның негізі!

#Заң_мен_тәртіп