
🎓 Қостанай облысында жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарының иегерлері анықталды.
2026 жылғы 20 тамызда 2026–2027 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті.
Биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен 20 білім беру гранты қарастырылған. Гранттар мына бағыттар бойынша бөлінді:
👩🏫 педагогика
🩺 денсаулық сақтау
☪️ исламтану
🎨 өнер саласы
Мамандарды даярлау еліміздің төрт жоғары оқу орнында жүзеге асырылады:
* Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті
* Астана медицина университеті
* «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті
* Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер саны көп болды: 20 грантқа 57 өтініш берілді.
Білім беру гранттарының иегерлерін құттықтаймыз! 🎉 Оқуда толағай табыс, жарқын жетістіктер және кәсіби жолда биік белестер тілейміз! 🇰🇿
#ҚостанайОблысы #БілімГранттары #Грант2026 #Білім #Жастар #Қостанай #ЖоғарыБілім