«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында жазғы демалыс кезеңінде Қостанай облысының оқушылары 2025 жылдың жазында бастау алған «Менің үйім, менің аулам» акциясына қатысуды жалғастыруда.

          Өңірдің жас тұрғындары ата-аналарымен бірге өз аулаларын абаттандыруға белсенді үлес қосып келеді: қоршаулар мен шарбақтарды сырлайды, гүлдер отырғызып, оларды күтіп-баптайды, сәндік композициялар жасап, сүйікті мультфильм кейіпкерлерінің жарқын мүсіндерін орнатуда.

          Бұл акция аулаларды көркейтіп қана қоймай, балалардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын, өз үйі мен туған жеріне деген жанашырлық пен қамқорлық сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.

          Оқушылар мен олардың ата-аналарының бірлескен еңбегінің арқасында аулалар тұрғындарға жайлы демалыс орнына айналып, игі бастамалар көршілерді жақындастырып, өзара көмек пен қамқорлық атмосферасын нығайтуда.

#ТазаҚазақстан  #МойДомМойДвор