
Бүгін Қостанай облысында өмір жолын ағарту ісіне арнаған жандарға деген зор құрмет пен шынайы алғысқа толы айтулы оқиға өтті. Қостанай облысының әкімі Құмар Иргебайұлы Ақсақалов көпжылдық еңбегімен өңірдің білім беру саласының тарихында өзіндік із қалдырған педагогика ардагерлеріне мемлекеттік награда – «Құрмет» орденін табыстады.
Жоғары мемлекеттік наградаға ие болғандар:
🔹 Аманбаева Ғалия Кеңесбайқызы – Қостанай ауданының Жданов жалпы білім беретін мектебінің химия және биология пәндерінің мұғалімі;
🔹 Ахметова Бақытжамал Сұлтанқызы – Амангелді ауданының Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
🔹 Бушенеева Күлтай Бияхметқызы – Науырзым ауданының Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі;
🔹 Велиханова Марина Александровна – Федоров ауданының Баннов жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі;
🔹 Пономарева Ирина Александровна – Рудный қаласының №4 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі;
🔹 Туралина Роза Мирамбекқызы – Қостанай қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының тарих пәнінің мұғалімі.
Бұл есімдердің әрқайсысының артында ондаған жылдарға созылған қажырлы еңбек, мыңдаған шәкіртке берілген сапалы білім, өмірлік тәжірибе, даналық пен балаға деген шексіз сүйіспеншілік жатыр. Олар тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар тұлға тәрбиелеп, жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастырды, өмірден өз жолын табуына бағыт-бағдар берді.
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы марапат иелерін жоғары мемлекеттік наградамен шын жүректен құттықтайды! «Құрмет» ордені – білім беру саласын дамытуға қосқан елеулі үлестің, ұстаздық мамандыққа адалдықтың және жоғары кәсібиліктің лайықты бағасы.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке, шәкірттеріңіздің жетістіктерін көруді тілейміз. Сіздердің бай тәжірибелеріңіз, даналықтарыңыз бен мамандыққа деген адалдықтарыңыз жас педагогтерге әрдайым үлгі болып, білім беру саласының дамуына қызмет ете берсін. Ел игілігі жолындағы қызметтеріңіз әрдайым жоғары бағалануына тілектеспіз!