
2026 жылы білім басқармасының тапсырысы бойынша «Қауіпсіз балалық шақ: кәмелетке толмағандар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда.
Жоба жасөспірімдердің сыни ойлау қабілетін, азаматтық жауапкершілігін, толеранттылығын және деструктивті ықпалдарға қарсы тұру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Бүгінгі күні 62 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізіліп, оған Ұзынкөл, Сарыкөл, Әулиекөл, Қостанай, Жітіқара аудандары мен Қостанай және Рудный қалаларындағы 52 мектептің 9-11 сыныптарында оқитын 2107 оқушысы қатысты.
Сондай-ақ Рудный қаласы мен Жітіқара ауданының мектеп оқушылары үшін «Деструктивті діни ықпалдан қорғану факторы ретіндегі өміршеңдік», «Сыни ойлау – тұлғаның еркіндігі мен қауіпсіздігінің кепілі», «Стресті бақылауда ұстау» тақырыптарында 9 тренинг ұйымдастырылды. Тренингтер барысында оқушылар өміршеңдік, сыни ойлау және стрессті басқару мәселелерін талқылады.
Жобаны іске асыруға тәжірибелі психологтар мен дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының өкілдері тартылған.
Ашық диалог пен ақпаратты саналы түрде қабылдау мәдениетін қалыптастыра отырып, біз балаларымыз үшін қауіпсіз орта құруға бірге атсалысамыз.
#Заң_мен_тәртіп