Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы
Балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімі 2026 жылы 5 мамырда "Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы" республикалық конкурсының облыстық іріктеу кезеңін өткізген. Конкурстың мақсаты: арнайы білім беру ұйымдарының педагогтарын анықтау, қолдау және ынталандыру; инновациялық педагогикалық қызметті таратуға ықпал ету; педагогикалық жаңашылдық пен шығармашылық белсенділікті көтермелеу; педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату нысандарын жетілдіру.
«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы» атағын беру республикалық конкурсының облыс кезеңіне психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінен және арнайы мектептерден барлығы 5 конкурс жұмысы ұсынылды. Конкурсқа келесі талаптарға сәйкес педагогтар қатысты:
- КППК және арнайы мектептердің штат педагогтары;
- конкурсқа құжат тапсыру сәтінде педагогикалық өтілі кемінде 5 жыл болатын үздіксіз еңбек өтілі бар мамандар.
Өңірлік комиссияның шешімімен педагогтер арасынан «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы» республикалық конкурсының облыс кезеңінің жеңімпазы анықталды.
«Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогы» номинациясы бойынша жеңімпаз
№ Т.А.Ә. Білім беру ұйымының атауы Орын
1. Артюшина Ирина Анатольевна Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ I
«Арнайы мектептің үздік педагогы» номинациясы бойынша жеңімпаз
№ Т.А.Ә.
1. Щербакова Ольга Сергеевна Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы» КММ I
Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, оларға шығармашылық табыс, сарқылмас күш-қуат және толағай жетістіктер тілейміз!