«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті» Республикалық конкурсының өңірлік кезенінің басталуы туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы
7 желтоқсандағы № 514 «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіптік шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті» конкурсының өңірлік кезеңінің басталғаны туралы хабарлайды.
Өңірлік кезеңге қатысу үшін:
1) «Еңбекпен биікке жет» мотивациялық хатын жазу, қатысушы «Адал азамат», «Заң мен тәртіп» бірыңғай тәрбие бағдарламасының идеологиялық құндылықтарын және «Таза Қазақстан» қозғалысының идеологиясын ескере отырып, таңдалған мамандықты дамыту үшін, сондай-ақ жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру идеяларын ұсынады (350 сөзден аспау қажет);
2) әлеуметтік желіде орналастырылатын бейнеролик (қатысушының немесе басшының жеке аккаунттарында не колледждің ресми аккаунттарында), онда қатысушы таңдаған мамандығы мен колледжге өзінің қатысын көрсетеді, кәсіби дағдылардың қолданылуын, сондай-ақ өңірдің және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін көрсетеді (бейнероликке сілтеме көрсетіле отырып, 2 минуттан аспау қажет);
3) таңдалған мамандық бойынша өз жобасының көрсетілімі (презентация),ондақатысушыөзінболашақмаман ретінде таныстырып,цифрлықтехнологиялардықолданудыжәнежасандыинтеллекттехнологияларынбелсендіенгізуді көрсетеді (7слайдтанаспау қажет).
Конкурстың өңірлік кезеңіне әрбір ТжКББ ұйымынан I (ішкі) кезеңде жеңіске жеткен 5 (бес) студенттен артық емес кандидатуралар жіберіледі.
ТжКБ ұйымдары өңірлік кезеңге қатысу үшін конкурстық құжаттаманы 2026 жылғы 27 мамыр мен 5 маусым аралығында tipo@edu-kost.kz электрондық мекенжайына ұсынады.
Конкурстың өңірлік кезеңінің нәтижелері 2026 жылғы 24 маусымда жарияланады.