2026 жылғы 14 мамырда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының тапсырысы бойынша «NECO» экологиялық клубы» қоғамдық қоры жүзеге асыратын облыстық экологиялық жобалар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

«Қостанай қаласы білім бөлімінің №18 мектеп-гимназиясы» КММ, «Қарасу ауданы білім бөлімінің Октябрь жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Рудный қаласы білім бөлімінің Қашар №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ көгалдандыру жұмыстарын жүргізу және өздерінің экологиялық бастамаларын жүзеге асыру үшін 100 көшеттен алды.
«Қостанай ауданы білім бөлімінің Заречный мектеп-лицейі» КММ ресайклинг шеберханасын орнатуға арналған сертификаттың иегері атанды.
Өздерінің экологиялық бастамалары мен жобаларын жүзеге асыруға арналған 500 000 теңге көлеміндегі грантты «Қостанай қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Береговой жалпы білім беретін мектебі» КММ және «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Н. Островский атындағы Аманқарағай жалпы білім беретін мектебі» КММ иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!