2026 жылғы 15 мамырда Халықаралық отбасы күні атап өтіледі. Отбасы – әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі, сыйластық пен сүйіспеншіліктің негізі, қолдау мен қамқорлықтың сарқылмас қайнар көзі.
Қостанай облысының білім беру ұйымдарында мерекелік іс-шаралар: сурет және шығарма байқаулары, сынып сағаттары, ата-аналар қауымдастығымен кездесулер өткізілуде.
Құрметті ата-аналар, балалар, әжелер мен аталар! Сіздерді Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әр шаңырақта татулық, өзара түсіністік пен бақыт салтанат құрсын, балалар күлкісі естіліп, отбасы жылуы жақын жандардың жүрегін әрдайым біріктіре берсін!