
2026 жылғы 11-15 мамыр аралығында облыстың барлық мектептерінде 9-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Заң мен тәртіп жолында бірге» тақырыбында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында жалпы мектептік ата-аналар жиналыстары өткізілуде.
Іс-шараларға прокуратура, полиция, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар бөлімдерінің өкілдері, сондай-ақ ішкі саясат және дін саласының мамандары қатысуда.
Жиналыстар барысында келесі маңызды мәселелер қарастырылды: жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, лудоманияның және компьютерлік тәуелділіктің алдын алу; кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде және ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінсіз жүруі үшін ата-аналардың жауапкершілігі; салауатты өмір салтын қалыптастыру, алкоголь, темекі өнімдері мен энергетикалық сусындарды пайдаланудың алдын алу; жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу; міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау.
Сонымен қатар ата-аналарға Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, интернет кеңістігіндегі тексерілмеген діни ақпараттардың қауіптілігі түсіндірілді.
Қосымша ата-аналар балалар мен жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсететін тәулік бойы тегін жұмыс істейтін «Досым» Telegram чат-боты туралы ақпараттандырылды.
Өңірлік Психологиялық қолдау және тәрбие жұмысы орталығының әдістемелік сүйемелдеуімен жұмыс істейтін жазғы психологиялық қолдау алаңдарының қызметіне ерекше назар аударылды.
Тек отбасы, мектеп және қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы ғана балаларымыздың қауіпсіздігін, денсаулығын және амандығын қамтамасыз ете аламыз!
#Заң_мен_тәртіп