
«QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивальдің құрметті қонағы Оқу-ағарту министрлігінің бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова болды.
Қостанай облысына сапары аясында Майра Тұрғанбайқызы өңірдегі қалалар мен аудандардың педагогтерімен өткізген кездесуі барысында түлектерді жұмысқа орналастыру, педагогтарды аттестаттау, мектепке дейінгі ұйымдардың, мектептер мен әдістемелік орталықтардың қызметіне қатысты проблемалық мәселелер талқыланды. Сондай-ақ педагогтарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы мәселе көтерілді.
Кездесу шеңберінде Майра Тұрғанбайқызы елдің білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттары мен алдағы даму перспективалары жөнінде сөз қозғады.