2020 жылғы 11 қарашада «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ-мен бірлесіп онлайн-режимде «Кәмелетке толмағандарға қатысты аутодеструктивті мінез-құлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» атты облыстық ата-аналар жиналысын өткізді. «ПҚжҚББӨО» мамандары жиналысты әдістемелік сүйемелдеуді әзірледі: әдістемелік ұсыныстар, бейнероликтер, буклеттер, парақшалар, брошюралар. Ата-аналар жиналысының мақсаты ата-аналарға жасөспірімдердің суицид және кәмелетке толмағандарға тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерінде алдын алу көмегін көрсету болды.
Жиналыс модераторы «Қостанай облысы әкімдігінің білім Басқармасы» ММ басшысы Байменова Зауре Ануарбековна болды.
Жиналысты өткізуге сындарлы диалог үшін келесі спикерлер шақырылды:
- Петренко Елена Александровна, Қостанай облысы әкімдігінің білім Басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ директоры, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), жоғары санатты психолог;
- Смышляева Екатерина Васильевна, Қостанай ата-аналар сараптамалық-консультативтік кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты, «Қостанай облысының кәсіби орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы; Керимбаев Руслан Жумасаевич, Қостанай облысы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция капитаны;
- Алексанин Владимир Вадимович, «Мигдаль» ҰЕҰ президенті, психолог-тренер;
- Бровченко Руслана Витальевна, «Synergy ғылыми білім орталығы» ҚҚ төрағасы;
Жиналыс аясында спикерлер ата-аналарды Қостанай облысы бойынша суицидтік жағдайлардың статистикалық деректерімен таныстырды, суицидтік мінез-құлықтың негізгі себептері мен белгілері және балалар-ата-аналар өзара қарым-қатынастарының проблемалары туралы айтып берді. Сондай-ақ, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу және интернет-тәуелділік пен кибербуллингтің алдын алу сияқты тақырыптар қозғалды, балалар-ата-аналар арасындағы өзара қарым-қатынастар тақырыбына бейнероликтер көрсетілді. Ата-аналарға баламен қарым-қатынасы туралы ойлануға және бағалауға мүмкіндік берілді.
Қорытынды бөлімде ата - аналарға баланың жеке басын құрметтеуге тәрбиелеу және оның проблемаларын түсінуді үйрену туралы ұсыныстар берілді, сондай-ақ отбасылық тәрбие аспектілері, кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқы мен жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу бойынша жадынамалар таратылды.
Қостанай облысы бойынша ата-аналар қоғамдастығының жалпы қамтылуы 1000-нан астам адамды құрады.