2026 жылғы 23 сәуірде ҚИнЭУ Кәсіпкерлік жоғары колледжінде «Колледж жұмысында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын жүзеге асыруға жүйелі көзқарас: студенттік өзін-өзі басқару» тақырыбында ТжКБ ұйымдарының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарларына арналған облыстық семинар өтті.

Колледж директоры Қазаков Анатолий Иванович қатысушыларды құттықтап, бұл алаң кәсіби диалог жүргізу, тәжірибе алмасу және жаңа шешімдер табу үшін тиімді орта болатынына сенім білдірді. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталық» КММ әдіскері Хасанова Майра Булатовна да қатысушыларды қарсы алып, студенттік өзін-өзі басқару тек бос уақытты ұйымдастыру формасы ғана емес, сонымен қатар көшбасшылық пен жауапкершілік мектебі екенін атап өтті.
Семинар жұмысына ҚИнЭУ Кәсіпкерлік жоғары колледжінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары Тшанов Жанат Маратович, Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары Морозенко С.М., К.Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледжінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары Дроженко Г.Г. қатысты. Сонымен қатар шеберлік сыныптарын ҚИнЭУ Кәсіпкерлік жоғары колледжінің педагог-психологы Алимова Ж.К., «Жақсылық бумерангі» еріктілер клубының төрайымы Темірғалиева А. (еріктілер қозғалысының жетекшісі Данченко Т.В. жетекшілігімен) өткізді. ҚИнЭУ Кәсіпкерлік жоғары колледжінің Студенттік парламенті де семинар қатысушыларына арналған өз шеберлік сыныптарын дайындап, өткізді.
Аталған семинарға Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің оқытушылары Елисеева Н.В., Демисенова Ж.Б., Елеусизова Д.А., Рыспаева Г.Ж. қатысып, қонақтық кураторлық сағаттар ұйымдастырды.
Бұл тақырыпқа арналған семинар жоғары деңгейде өтті. Педагогтер белсенді қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті. Бағдарламаның негізгі аспектілері, оны оқу үдерісінде қолдану және студенттерді өзін-өзі басқаруға тартудың маңыздылығы талқыланды. Қатысушылар мұндай жүйелі тәсіл жастардың жауапкершілігі мен бастамашылдығын дамытуға ғана емес, сонымен қатар колледжде қолайлы орта қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.