ҰЛЫ МҰРА

ҰЛЫ МҰРА

ҰЛЫ МҰРА

 

«Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жобасы аясында 2026 жылғы 22 сәуір күні Арқалық қаласы білім бөлімінің А. Байтұрсынов атындағы  бастауыш гимназиясы базасында «Ахмет Байтұрсынұлының жас ұрпаққа қалдырған ұлы мұрасы» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференцияның мақсаты – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бай рухани-ғылыми мұрасын жас ұрпаққа кеңінен таныту, ұлттық құндылықтарға құрмет қалыптастыру, ана тілінің қадірін ұғындырып, елжандылыққа, білімге және адал еңбекке баулу болды.

Іс-шара барысында ғалымның оқу-ағарту саласындағы еңбектері кеңінен насихатталып, оның әдістемелік мұрасы қазіргі білім беру жүйесімен сабақтастырылды. Конференцияға Қостанай облысындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы атаулы мекемелер қатысты.

Конференция   Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын дәріптеу арқылы қатысушылардың ғылыми-танымдық қызығушылығын арттырды, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, ұлттық құндылықтарды насихаттауда маңызды алаңға айналды.