Темірбай Дарқамбаевтің ғылыми мұрасы – биохимия ғылымы мен білім беру саласының дамуына қосылған құнды үлес

Темірбай Дарқамбаевтің ғылыми мұрасы – биохимия ғылымы мен білім беру саласының дамуына қосылған құнды үлес

 

Темірбай Дарқамбаевтің ғылыми мұрасы – биохимия ғылымы мен білім беру саласының дамуына қосылған құнды үлес

22 сәуір 2026 жылы КГУ «Аятская жалпы білім беретін мектебі» базасында академик Темірбай Байбусынович Даркамбаевтің ғылыми мұрасына арналған «Академик Темірбай Байбусынович Даркамбаев: қазіргі Қазақстан білім беру жүйесіндегі ұлы биохимиктің мұрасы» атты ғылыми-практикалық семинар өтті.

Іс-шара «Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жобасы аясында ұйымдастырылады. Семинардың мақсаты – академиктің биохимия ғылымы мен Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесін зерделеу арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Семинар барысында академиктің өмірі мен ғылыми еңбектері терең қарастырылып, биология және химия сабақтарында оның ғылыми мұрасын тиімді қолдану жолдары талқыланды. Сонымен қатар әдістемелік тәжірибені жетілдіру, элективті курстар мен оқушыларға арналған зерттеу жобаларын әзірлеу және шағын жинақты мектептердің педагогтер арасында тәжірибе алмасу бағыттары қамтылды.  

Семинар академик Дарқамбаевтің ғылыми мұрасын кеңінен насихаттауға және оны білім беру үдерісінде тиімді қолдануға бағытталып,  жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқыту сапасын арттыруға және педагогтер мен оқушылардың зерттеушілік құзыреттерін дамытуға ықпал етті деп сенеміз.