Шағын жинақталған мектептердің ЖОО-мен ынтымақтастықта дамуы

Шағын жинақталған мектептердің  ЖОО-мен ынтымақтастықта дамуы

Шағын жинақталған мектептердің ЖОО-мен ынтымақтастықта дамуы

Ауыл мектептерін дамыту – өзекті мәселе. Бұл бағытта тұрақтылықты қамтамасыз ету Білім басқармасы органдарының, әдістемелік қызметтердің және жоғары оқу орындарының күш-жігерін біріктіру арқылы анағұрлым тиімді жүзеге асады.
Қорытынды аттестаттауға оқушыларды даярлауда, кәсіптік бағдар беруде, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруда және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруда Мендіқара ауданының Буденнов мектебі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетімен ынтымақтастық орнату арқылы қолдау табуда. Аталған шағын жинақталған мектеп университеттің базалық (қамқорлыққа алынған) білім беру ұйымдарының бірі болып табылады.
ЖОО ғалымдарының кезекті кездесуі академиялық мәселелер жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) Наурызбаева Э.К. және педагогика ғылымдарының докторы Бектурганова Р.Ч. қатысуымен өтті.
Педагогикалық ұжыммен кездесуде жасанды интеллектке негізделген шешімдер таныстырылды, одан кейін мұғалімдер тарапынан сұрақтар қойылып, ұсынылған әдістемелік материалдарға ерекше қызығушылық танытылды.
Сонымен қатар әріптестерге университеттің көпсалалы ғылыми журналы — «Вестник КГПИ» туралы ақпарат беріліп, мектеп мұғалімдерінің ғылыми жарияланымдарға қатысу мүмкіндіктері түсіндірілді. Ғылыми мақалаларды жазу мен рәсімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ ғылыми жұмыстарда жасанды интеллектті дұрыс пайдалану мәселелері жан-жақты талқыланды.
9–10-сынып оқушылары ҰБТ-ға тиімді дайындалу мақсатында AI-профориентатор жүйесі арқылы тестілеуден өтіп, AI Mektep платформасына тіркеліп, дайындық жұмыстарын бастады.
Университеттің Буденнов мектебінде жүргізіп жатқан жұмысы ауыл және қала мектептері арасындағы алшақтықты қысқартуға бағытталған жүйелі қадамдардың бірі болып табылады. Университет пен мектеп арасындағы әріптестік педагогтер мен оқушылардың цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға, сондай-ақ оларды ғылыми-зерттеу қызметіне кеңінен тартуға мүмкіндік береді.