Ұлтымыздың мақтанышы - Әлихан

Ұлтымыздың  мақтанышы - Әлихан
Ұлтымыздың  мақтанышы - Әлихан
 
2026 жылдың  15 сәуір күні  Ә. Бөкейхановтың  мерейтойына   орай Рудный қаласы білім бөлімінің Ә. Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің  және Қостанай қаласы білім бөлімінің Ә. Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің  бастамасымен Google Meet    платформасы    арқылы  «Ұлт мақтанышы – Әлихан» тақырыбында   республикалық   ғылыми –практикалық конференция өтті.
Конференцияны өткізудің негізгі мақсаты – ұлт көсемінің тарихи мұрасын насихаттау, оның қоғамдық-саяси қызметін зерделеу және жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу 
    Конференцияға  Еуразия ұлттық университеті «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры Сұлтан Хан Аққұлы,  Қостанай, Қарағанды, Павлодар  облыстарының  Ә.  Бөкейхан  атындағы мектептері мен Астана қаласының  ұстаздары белсене  қатысып, өз баяндамаларын ұсынды. 
Қорыта айтқанда, Ә.Бөкейхановтың  мұрасы бүгінгі жастар үшін сенімді темірқазық  болып қала беріп, жастарды   Отанына қызмет  етуге және ұлттық дәстүрлерімізді  сақтауға баулиды.