
"ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ЖОЛЫ" ЖОБАСЫ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАҒЫТТАРЫ"
2026 жылғы 15 сәуірде Қарабалық ауданында Максим Горький атындағы мектептердің «Gorky style» облыстық форумы өтті.Форум жазушы есімі берілген мектептерді біріктіріп, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және оның бай мұрасын насихаттауға арналған маңызды алаңға айналды. Іс-шара Білім басқармасының Әдістемелік орталығы әзірлеген «Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жобасы аясында өткізіліп, бірыңғай мәдени-білім беру кеңістігін қалыптастыруға, сондай-ақ білім алушыларды «Адал азамат» бағдарламасы рухында тәрбиелеуге бағытталды.
Форум барысында қатысушылар әдістемелік хакатон форматында бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын дамыту тәжірибелерімен танысты, «Дарынды бала — мәселе ме, әлде жетістік пе?» тақырыбындағы пікірталас алаңына қатысты, «Табыс зертханасында» жұмыс істеді, сондай-ақ «Педагогикалық навигатор» арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жүйесін зерделеді. «Іс-әрекеттегі бірлік» тимбилдингі қатысушылардың өзара байланысын нығайтып, пікірлес әріптестер табуға мүмкіндік берсе, «КВН арқылы білім алушылардың көшбасшылығы мен әлеуметтік белсенділігін дамыту» шеберлік сабағы «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді тетігі ретінде таныстырылды.
Форум кәсіби байланысты нығайтып, тиімді педагогикалық тәжірибелермен алмасуға және алдағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.