«Лидерлік мектебі» бағдарламасы бойынша тағылымдама аяқталды!

«Лидерлік мектебі» бағдарламасы бойынша тағылымдама аяқталды!

«Лидерлік мектебі» бағдарламасы бойынша тағылымдама аяқталды!

 

2026 жылғы 6–10 сәуір аралығында Алтынсарин, Қамысты, Қостанай, Науырзым, Узынкөл аудандары мен Арқалық, Лисаковск қалаларынан келген 7 директор Қостанай қаласындағы НЗМ ФМБ-де мектепті басқару бойынша тағылымдамадан өтті.

Г.У. Дұсқазиевасының тәлімгерлігімен өткен тағылымдама барысында директорлар шығармашылық топқа бірігіп, НЗМ білім беру жүйесіне интеграциялау тұрғысынан өз тәжірибелеріне рефлексия жасады.

Бағдарлама 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс істейді. Қостанай облысының барлық аудандары мен қалаларынан 56 директор тағылымдамаға қатысып, оның қорытындысы бойынша мектептерде оқу сауаттылығын дамыту, қауіпсіз орта қалыптастыру, сабаққа бақылау жүргізу және т.б. бағыттар бойынша идеялар енгізілуде.

Бұл білім беру ұйымын басқаруды жетілдіруге және оның тұрақты дамуына мүмкіндік береді.