🏆 ҚОСТАНАЙЛЫҚ ҰСТАЗДАРДЫҢ ҮЛКЕН ЖЕҢІСІ!

🏆 ҚОСТАНАЙЛЫҚ ҰСТАЗДАРДЫҢ ҮЛКЕН ЖЕҢІСІ!

🏆 ҚОСТАНАЙЛЫҚ ҰСТАЗДАРДЫҢ ҮЛКЕН ЖЕҢІСІ!
«Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі ұйымдастырған бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасында Қостанай облысының мұғалімдері топ жарды!
Астана қаласында өткен республикалық кезеңде біздің 8 ұстазымыз бақ сынап, жүлделі орындардан көрінді.
Жеңіс тұғырынан көрінген әріптестеріміз:
1-орын: Куспаева Екатерина Викторовна (Лисаковск қ., №6 ЖББМ)
1-орын: Рыхлицкая Александра Владимировна (Алтынсарин ауданы, Докучаев ЖББМ)
2-орын: Биятова Асемгуль Саматовна (Жітіқара ауданы, №12 ЖББМ)
3-орын: Чеголина Людмила Иннокентьевна (Қарабалық ауданы, Надежден НОМ)
🔥 Ең басты қуаныш: Командалық есеп бойынша Қостанай облысының құрамасы жалпы есепте 1-ОРЫНДЫ иеленді! 🏆👏
Қатысушыларға мақтау қағаздары мен сертификаттар табысталды. Әріптестерімізді кәсіби биік белестерімен құттықтаймыз!
✨ Төзім мен білімнің жеңісі құтты болсын!