
Бір сабақ – бірнеше әлем: Метапән іс-әрекетте!
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 31 наурызда облыстық бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің кейс-сессиясы ұйымдастырылды. Кейс-сессияға бастауыш сыныптарының облыстық әдістемелік бірлестік мүшелері мен білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Мақсаты- Оқу тапсырмасы негізінде метапәндік тәсілді қолдана отырып, сабақ сценарийін жобалауды көрсету; талдау, жоспарлау, коммуникация және рефлексия сияқты әмбебап оқу әрекеттерін дамытуға және оқу материалының тұтас түсінігін қалыптастыруға бағыттау. Кейс-сессияда әдістемелік бірлестік мүшелері «Метапән іс - әрекетте: тапсырмадан сабақ сценарийіне дейін»
тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Бүгін әдістемелік бірлестік аясында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдауға арналған мазмұнды вебинар-практикум өтті!
Сабақта пәндерді қалай тиімді кіріктіруге болады? Қарапайым тапсырманы қызықты метапәндік сценарийге қалай айналдырамыз? Оқушының әлем туралы біртұтас түсінігін қалыптастыру жолдары.
Педагогтер тек теориямен шектелмей, бірнеше пәнді (математика, жаратылыстану, тіл білімі) тоғыстырған сабақ фрагменттерін өз қолдарымен әзірледі. Топтық талқылау мен тәжірибе алмасу нағыз креативті алаңға айналды!
Пәнаралық байланыс – бұл жай ғана әдіс емес, бұл білім сапасын арттырудың және баланың оқуға деген құштарлығын оятудың төте жолы. Мұғалімдеріміз жаңа тәсілдерді өз сабақтарында қолдануға дайын!