Күзгі демалыстағы «Асар» челленджі

Күзгі демалыстағы «Асар» челленджі

  Облыстың жалпы білім беру ұйымдарында 5-11 қараша аралығында оқушылардың күзгі демалысын тиімді пайдалану мақсатында «Қазақстан балалары-күзгі интерактивті!» атты іс-шаралар жоспары құрылды. Аталған жоспар барлық білім беру ұйымдарына таныстырылып, әлеуметтік желіге салынды.

  Ағымдағы жылдың 5 қараша күні Жангелдин ауданының 1-11 сынып оқушылары арасында «Жүрегім толы мейірім» қайырымдылық акциясы өткізілді. Қайырымдылық акциясында оқушылар мен сынып жетекшілері бірлесіп түрлі қайырымдылық шараларын өткізді. Оқушылар санитарлық талаптарды сақтай отырып, орталық алаңда маска таратты, қарт кісілердің үйлеріне барып қол көмектерін берді.

   Қостанай ауданының оқушылары да  күзгі демалыстың алғашқы күнін тиімді өткізді. Асар челленджінің аясында ауданның қарттарына, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созды.