
САПАҒА БАҒДАР: РОӘК-ке МАТЕРИАЛДАР ДАЙЫНДАУ
2026 жылғы 31 наурызда Республикалық оқу-әдістемелік кеңес отырыстарында қарауға ұсынылатын авторлық материалдарды дайындау мәселесіне арналған маңызды кеңес бейнеконференция (ВКС) форматында өткізілді.
Кеңес барысында РОӘК-тің жаңартылған Ережесі және материалдарға қойылатын талаптар жан-жақты қарастырылды. Педагогтердің әзірлеген жұмыстарының республикалық сараптамадан сәтті өтуін қамтамасыз ету мақсатында құжаттарды ұсыну тәртібі мен сәйкестік критерийлері талқыланды.
Қатысушыларға құжаттар топтамасын рәсімдеудің нақты алгоритмдері ұсынылып, техникалық сараптамадан өту барысында жиі жіберілетін қателіктер бойынша түсіндірме берілді.
Әдістемелік орталық директорының орынбасары Набатникова Т.И. және аға әдіскер Бесенбаева В.Б. өтінімдерді тапсыру мерзімдері мен материалдардың сараптамадан өту кезеңдеріне қатысты қойылған сұрақтарға толық жауаптар берді.
Аталған іс-шара педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға, озық педагогикалық тәжірибені жүйелеуге және оны республикалық деңгейде таратуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Іс-шара қатысушыларына белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз! Алдағы уақытта сапалы авторлық оқу-әдістемелік материалдар ұсынылады деген сенімдеміз.