
САПАР ЕРҒАЛИЕВ МЕКТЕБІНДЕ ОБЛЫСТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ!
2026 жылдың наурыз айының 26 жұлдызында киелі қара шаңырақ қазақ мектебінде «Сапар Ерғалиев еңбек адамы - ұрпаққа үлгі» облыстық педагогикалық конференциясы кең көлемде аталып өтті.
Педагогикалық конференцияның негізгі мақсаты: «Ұлы тұлғалардың жолы» жобасы аясында Сапар Ерғалиевтің өмірі мен еңбек жолын үлгі ете отырып, білім алушылардың бойында азаматтық жауапкершілік, отансүйгіштік, еңбекқорлық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және тарихи тұлғалардың өнегесі арқылы жас ұрпақты елге адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Облыстық конференцияның ашылуы алыс-жақыннан келген құрметті қонақтарды қарсы алып, мектебіміздегі Сапар Ерғалиевке арналған мұражайға саяхат жасалынды. Облыстық конференцияның бастауы шымылдығын шертпе күйден жыр төккен мектебіміздің білім алушылары күйден щашу шашты.
Іс-шарада «Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімі» ММ әдіскері.
Еришова Алия Айдаралиевна қадірлі қонақтар мен шеберлік сынып көрсететін ұстаздар қауымына ыстық ықыласынын білдіріп, бүгінгі облыстық конференция шығармашылыққа жетелейтін сыни пікір алмасу екенін тіліге тиек етті.
Әрі қарай сөз тізгіні мектебіміздің басшысы Коскадамова Тамаша Шамелевна беріліп, барлық қонақтарға ізгі тілегін білдіріп, шығармашыллыққа толы конференцияда қоржындарына кең көлемде жаңа тың ойлардың жаршысы болуға тілек білдірді.
Әрі қарай сахна төрінде мың бұралған бишілер мен таңдайларынан бал тамған қос өнер иесі әннен шашу шашты. Педагогикалық конференцияда жаңа заман ұстаздары өздерінің тырақ алды туындылары мен педагогикалық шеберліктерін ортаға салды.
Шара соңында«Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімі» ММ әдіскері Еришова Алия Айдаралиевна педагогикалық конференцияның жоғары деңгейде өтуіне сүбелі үлес қосқан мектеп ұжымына алғысын білдіріп, шеберлік сабақ көрсеткен ұстаздар қауымынан мадақтамамен марапаттады.
Сапар Ерғалиев секілді тұлғалардың жолы - кейінгі ұрпақ үшін үлкен мектеп. Еңбекпен есейіп, еліміздің гүлденуіне үлес қоса берейік!