«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ»

«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ»

«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ»
Ағымдағы жылдың 16 наурызында «Қостанай қаласы білім бөлімінің №17 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті. Конкурс білім беру ұйымдарының жас мамандары арасында өткізіледі. Конкурстың негізгі мақсаты – жас мамандардың кәсіби деңгейін арттыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және білім беру жүйесіндегі инновациялық қызметті қолдау.
Конкурсқа 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар қалалық және аудандық кезеңдерден сәтті өткен 14 жас педагог қатысты.
Конкурстың негізгі міндеттері:
-дарынды жас педагогтерді анықтау және қолдау;
-мұғалім мамандығының әлеуметтік мәртебесін арттыру;
-озық педагогикалық тәжірибені тарату;
-оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын дамыту;
-жас мамандардың кәсіби өсуі мен өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау.
Конкурс үш турдан тұрды: 1 тур – «Өз-өзіңді таныстыру «Шығармашылық жолдың бастауы», 2 тур – «Заманауи сабақ», 3 тур – «Педагогикалық тәжірибе панорамасы «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы».
Конкурс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, дипломдармен марапатталды. 1-орын алған қатысушы («Қостанай ауданы білім бөлімінің «Нұржан Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ, ағылшын тілі мұғалімі Масақбай Аружан Қадырбекқызы) Қостанай облысының намысын байқаудың республикалық кезеңінде қорғайды.